Ауыспалы егістікте жоңышқа болған уақыттың ішінде топырақтың ылғалдық-физикалық қасиеті анағұрлым жақсарып, органикалық заттары көбейеді және де топырақтың агрегаттық құрамы тұрақталуын қамтамасыз етеді. Жоңышқаның арқасында топырақ құрамында қарашіріндінің, азоттың және де басқа қоректік микроэлементтердің мөлшері едәуір көбейеді. Жоңышқадан кейін мақта егісіндегі солдырма, мақта тамырларының шіру аурулары бәсеңдеп, суармалы жерлердегі топырақтың физикалық-химиялық және мелиорациялық қасиетінің маңыздылығы да артады. Жоғары агротехникалық дәрежеде өсірілген жоңышқалық топырақтың жыртылатын қабатында жыл сайын 100 келідей азоттық қорек жиналады. Жоңышқа үш жыл ішінде бір гектар жерде азоттың мөлшерін 300-400 келіге дейін көбейтеді және қарашірінді құрамын 2 пайызға дейін көтереді.