Жоңышқа өсіру арқылы ауыспалы егіс жүйесін қолданудың топырақ құнарлылығын арттыруға тигізетін оңды ықпалы төмендегі кестеден айқын көрінеді. Сондықтан да жоңышқа аударылған шымына егілген мақтаның өнімі едәуір артады және де ғылыми зерттеулер барысында қозаны ауыспалы егіс тізбектерінде өсіру үнемі бір жерді қайта-қайта айдап еге беруге қарағанда өнімді мол беретінін көрсетті.